Алматылық құтқарушылар өртенген үйден 57 жастағы тұрғынды алып шықты

ер адамды құтқарды
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматылық құтқарушылар Медеу ауданындағы жанып жатқан үйден 57 жастағы ер адамды аман алып шықты. 

6 наурыз күні кешкі сағат 18.58-де Алматыда жеке тұрғын үй өртенді. Қызыл жалын кейін көршілес 2 қабатты жеке тұрғын үйдің шатырына таралған. 

Өрт 20.02-де толығымен сөндірілді. Оқиға орнынан 1967 жылғы ер адам құтқарылып, жедел  жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Тілсіз жауды сөндіру жұмыстарына Алматы қаласындағы ТЖД-ның 20 адамы және 5 техника жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар