Алматылық дәрігерлер сирек кездесетін көз ауруына операция жасады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына 60 жасатағы науқас түсті. Ол сол көзінің қызаруы және қозғалысының шектелуіне шағымданды. Тексеру барысында өте сирек кездесетін диагноз - көздің артериовенозды фистуласы анықталды.
Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының нейрохирург маманы Максим Аргумбаевтың айтуынша, соңғы 30 жыл ішінде әлем бойынша бұл аурудың небәрі 42 жағдайы тіркелген.
— Аурудың қаупі - экзофтальманың үдемелі дамуында, ол көру қабілетін жоғалтуға, тіпті көз алмасын алып тастауға мәжбүрлейтін жағдайға әкелуі мүмкін,— деп түсіндірді дәрігер.
Емдеу мекемесінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Константин Ли, нейрохирург Максим Аргумбаев, анестезиолог Ринат Касенов, оталық медбике Эльмира Аюпова көз фистуласына күрделі рентгеноэндоваскулярлық эмболизация операция жасады.
Бір сағатқа соқылған операция сәтті аяқталды.
— Мұндай ота көру қабілетін сақтап қалуға қатысты жоғары қауіппен бірге жүреді. Біз науқасқа көмектесе алғанымыз, заманауи технология мен команда тәжірибесін қолдана алғанымызға қуаныштымыз, — дейді Максим Аргумбаев.
Еске салайық, былтыр алматылық көз дәрігерлері жас жігіттің көзіне кірген металл сынығын алып тастап, көздің көру қабілетін сақтап қалған болатын.