Алматылық оқушылар Индонезияда өткен робототехника чемпионатында жеңіске жетті

Алматылық оқушылар робототехника бойынша халықаралық жарыста үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Kazinform.

білім
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, робототехника бойынша FIRST Tech Challenge ашық ойындар Индонезияның Депок қаласында өтті. Жарысқа жиыны 5 мемлекеттен 30 команда қатысты. Біздің елдің намысын қорғауға Алматы қаласынан «124» атты команда аттанған еді.

жарыс
Фото: Алматы әкімдігі

9-11 сынып оқушыларынан құрылған «124» командасының құрамында: Алдияр Жұмаділ, Илияс Әуезхан, Әлімжан Раев, Гауһар Жанас, Лаура Тоқтағали – №124 ЖББМ, Айханым Шамшадин, Арай Ержанқызы, Әлрахат Ұмытхан, Мерас Медғат – №81 мектеп-гимназия, Томирис Оңғарбек – №206 мектеп-гимназия, Әсел Үмбет – №178 лицей, Мира Демеуғалиева – №200 мектеп-гимназиясының оқушылары болды.

жарыс
Фото: Алматы әкімдігі

«Алматылық оқушылар бірнеше күн бойы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 150 жас робототехника жасаушылармен бәсекеге түсті. Нәтижесінде ел құрамасының қоржыны 7 жүлдемен толықты», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматылық оқушылар төмендегідей нәтижеге ие болды.
«124» командасы:
1 орын - Control award;
3 орын - Think Award;
3 орын - Connect Award.

«Индонезияда өткен чемпионатқа жолдаманы алматылық оқушылар 2023 жылдың желтоқсан айында Оқу-ағарту министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен USTEM Foundation Қоғамдық Қоры ұйымдастырған Almaty Tech Cup республикалық турнирінде жеңіп алған болатын», - деп хабарлады әкімдікте.

Соңғы жаңалықтар