Алматылық полицейлер көлік жүргізушілерге үндеу жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда ауа райының нашарлауы мен қар түріндегі жауын-шашынға байланысты тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.

Ұндеу
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үндеу негізінен көлік құралдарын басқаратын қала жүргізушілеріне арналады. 

«Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін көрсетуге және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазіргі уақытта өте өзекті және қала жолдарында қайтымсыз салдары бар апаттарды болдырмауға көмектеседі», - делінеді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Еске салайық, Алматының коммуналдық қызметтері түнімен қар тазалады. Алматы әкімдігі қалада жауған қардың биіктігі 10 см-ге жеткенін хабарлады.  

Соңғы жаңалықтар