Алматылық сапасыз онлайн курстан 840 мың теңге қайтарып алды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының тұрғыны ағылшын тілінің онлайн курсына төлеген ақшасының бір бөлігін қайтарып алды. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады.

девушка с ноутбуком
Фото: freepik

Ведомство мәліметіне сәйкес, Алматы тұрғыны ағылшын тілін онлайн режимінде үйренуге шешім қабылдап, 1 200 000 теңгеге жылдық курс сатып алған. Алайда бірнеше сабақтан кейін ол таңдаған бағдарламаның өз талабына сай келмейтінін түсінген. Тұтынушы қызмет көрсетушімен келісімшартты бұзуды және ақшаны қайтаруды талап еткен, бірақ ол орындалмады.

Тұрғын құқығын қорғау үшін Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жүгінген. Содан кейін тұтынушының талаптары нақты көрсетілген сотқа дейінгі шағым жазылды.

— Департаменттің араласуының нәтижесінде қызмет көрсетуші компания келісімге келіп, оқуға төленген ақшаның бір бөлігін қайтаруға мәжбүр болды. Тұтынушы 840 000 теңгесін қайтарып алды. Көбінесе тұтынушылар, әсіресе онлайн оқыту саласында сапасыз қызметтерге тап болады. Егер қызмет келісімшартқа сай келмесе, сіздің ақшаңызды қайтару құқығыңыз бар екенін білу маңызды, — деп хабарлады комитеттен.

Сондай-ақ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті тұтынушы ретінде құқығы бұзылған азаматтарға келесідей кеңес береді:

  • Барлық құжаттарды сақтаңыз: чектер, келісімшарттар, компаниямен хат алмасу.
  • Қызмет көрсетуші компанияға хабарласыңыз: мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысып, жазбаша шағым жазыңыз.
  • Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне хабарласыңыз. Мамандар сіздің жағдайыңызды түсініп, одан әрі қалай әрекет ету керектігін айтып береді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында тұтынушы құқығының бұзылуы 68 пайызға өскенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар