Алматылықтар бір айда 20 мыңнан астам кимейтін киім өткізді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қалалық ортаны жақсартуға және қалдықтарды тұрақты өңдеуге бағытталған жаңа жоба іске қосылды. 

Алматылықтар бір айда 20 мыңнан астам кимейтін киім өткізді
Фото: Алматы әкімдігі

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында жүзеге асып жатқан жоба тоқыма қалдықтарын жинау, сұрыптау және қайта өңдеуге бағытталған.

Қазір қалада 18 арнаулы контейнер орнатылды, жақында тағы 22-сі орнатылмақ. Болашақта жобаның қамту ауқымы Алматының басқа аудандарына да кеңейтіледі. Қазірдің өзінде 20 мың келіден астам тоқыма жиналды. Ол сұрыпталып, қала аумағында қайта өңделеді.

– Бұл материалдардан өнеркәсіпте қолданылатын қайта өңделген талшық пен сүрту шүберектері жасалады. Сонымен қатар жиналған киімнің шамамен 13%-ы қайырымдылық ұйымдарына беріледі, себебі олар әлі де киюге жарамды.Экологиялық бағалаулар бойынша жиналған көлемді қайта өңдеу 74 мың келіден астам CO₂ эквивалентінің ауаға таралуын болдырмауға мүмкіндік береді – бұл мөлшердегі көмірқышқыл газын бір жылда 3 730-дан астам ағаш сіңіре алады, - деп хабарлады әкімдіктен.

Алматылықтар бір айда 20 мыңнан астам кимейтін киім өткізді
Фото: Алматы әкімдігі

Бұған дейін Kazinform агенттігі Үкімет қабылдаған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасына аналитикалық шолу жасаған еді.

Былтыр ел аумағында 1,6 млн түп ағаш егілді. 

Жайық
Ұқсас жаңалықтар

Орынбордағы Иреклі қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі қайта көбейді