Алматылықтар Бірлік күнін тойлап жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Оңтүстік астаналықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлап жатыр. Республика сарайының алдында қайырымдылық жәрмеңкесі мен гастро-фестиваль ұйымдастырылды. 10-нан астам танымал мейрамхана қазақ, түрік, өзбек, корей, неміс, қытай, грузин, орыс, армян, ұйғыр ұлттарының ұлттық тағамдарын ұсынды.

Абай алаңына халық көп жиналды. Көңілдері көтеріңкі, бір-бірін құттықтап жатыр. Әрбір ұлт өзінің мәдениетінен сыр шертетін көрме ұсынды.
Танымал шығармашылық ұжымдар мен этномәдени бірлестіктердің концерттік бағдарламасы мерекенің ажарын аша түсті.

Сахнада «Агугай» ансамблі, «Дервиши» тобы, Анжелика Шағарова, «Наири» ансамблі, Аббос Қасымов ансамблі ABBOS (Өзбекстан), Ситора Назарова, «Қазан нұрлары» ансамблі (Татарстан), Руми мен Янис, «Бахар» кавказ би ансамблі, «Эламан» дуэті (Қырғызстан), Роман Ким, «Нам Сон» ансамблі мен «МузАрт» тобы өнер көрсетті.

Сонымен қатар, шара барысында қайырымдылық жәрмеңкесі мен гастро фестиваль өтті. 10-нан астам ресторатор қазақ, түрік, өзбек, корей, неміс, қытай, грузин, орыс, армян, ұйғыр асханасының ұлттық тағамдарын ұсынды.

Түскен қаражат су тасқыны салдарын жою мақсатына «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорына аударылады.
Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күнініне арналған іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтіп жатыр.





