Алматылықтар краннан «қоңыр» су ағып тұрғанына шағымданды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы «Өркендеу» тұрғын үй кешенінің тұрғындары краннан қою қоңыр түсті су аққанына наразы.
Әлеуметтік желілерде тұрғындар краннан аққан лас суды көрсетіп, мәселені шешуді сұрады.
«Алматы Су» мәліметінше, қаладағы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Суды тазарту және залалсыздандыру, сондай-ақ су дайындау нысандары мен магистральдық желілердегі оның сапасына зертханалық бақылау тәулік бойы жүргізіледі.
— Санитарлық нормалардың асуы және белгіленген стандарттардан ауытқу тіркелген жоқ, — деп хабарлады компания.
Оның мәлімдеуінше, аталған аумақтағы қалалық желілер мен сумен жабдықтау нысандарында судың сапасына әсер етуі мүмкін жоспарлы жөндеу немесе апатты-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген.
Әлеуметтік желідегі видеодан кейін су арнасының мамандары тұрғын үй кешеніне барып, комиссиялық тексеріс жүргізді. Тексеру нәтижесінде аталған тұрғын үй кешеніндегі суық судың сапасынан ешқандай ауытқу анықталмаған.
«Алматы Су» тексеріс нәтижесін растау үшін краннан қоңыр емес су ағып тұрған видео да ұсынды.
Еске салсақ, Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражатқа 10,5 мың тұрғын ауыз сумен қамтылғанын жазғанбыз.