Алматылықтар медициналық сақтандыруға 161 млрд теңге төледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жыл басынан бері оңтүстік астана тұрғындары Медициналық сақтандыру қорына 161 млрд теңгеден астам қаржы аударған.
Қор мәліметінше, биыл еліміз бойынша медициналық сақтандыруға 911 млрд теңге түскен. Оның ішінде, орта есеппен алматылықтардың ай сайынғы жарналары мен аударымының мөлшері 15-16 млрд теңге.
«Түскен қаржының басым бөлігі – жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлер үшін жасаған аударымдары. 10 айда жұмыс берушілерден 89 млрд теңге түскен. Жалдамалы жұмыскерлердің жарнасы 58,7 млрд теңгені құрады», - дейді МСҚ Алматы филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан.
Сонымен қатар, МӘМС жарнасын ай сайын жеке кәсіпкерлер де аударады. Өткен 10 айда бұл санат 8,5 млрд теңге, ал азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндер 3,3 млрд теңге жарна төлеген.
Соңғы кезде жарнаны өз бетінше төлейтіндер саны артып келеді. Осы жылдың 10 айында олар 1,1 млрд теңге жарна аударған.
Осыған дейін Қаржы министрі Мәди Такиев, медсақтандыру қорына республикалық бюджеттен 1,3 трлн теңге бөлінгенін мәлімдеді. https://kaz.inform.kz/news/medsaktandiru-korina-respublikalik-byudzhetten-13-trln-tenge-bolngen-b2552e/
Сондай – ақ Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, медсақтандыру реформасынан кейін өңірлерде не өзгеретіні туралы айтты.