Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев бастаған қала жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Kazinform. 

Онда Алматы қаласы әкімдігі, Қалалық ардагерлер кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар, Ауған соғысының ардагерлері, жастар ұйымдарының өкілдері гүл шоқтарын қойып, Тәуелсіздік құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. 

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

«Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Біз Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгендігіміз туралы әрдайым есте сақтап, келер жас ұрпаққа жеткізуіміз керек. Бейбіт заманда өмір сүріп жатқан жастарға айтарым: білім алыңыздар, спортпен шұғылданып, ортақ үйіміз – Қазақстанды бірге көркейтейік», - деді Желтоқсан оқиғасының ардагері, «Өршіл рух» қоғамдық бірлестігінің басшысы Серік Мұхаметалин.

Қоғамдық кеңестің мүшесі, жазушы Бекнұр Кисиков жиналғандарға бұл күнің қаншалықты маңызды екенін айтты. 

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

«Жыл сайын осында келу мен үшін үлкен мәртебе. Өйткені мен 1986 жылы осында болдым. Мұның бәрі менің көз алдымда өтті. Мен үшін бұл қасиетті мереке, қасиетті күн. Бұл – еске алу күні. Тәуелсіздіктің 32 жылында біз барлық салада көп нәрсеге қол жеткіздік. Әлемдік аренада танылу, дипломатиялық және экономикалық деңгейде танылу. Біз Орталық Азиядағы Орталық экономикалық драйверміз. Бұл күн 1986 жылы алғаш рет Тәуелсіздік туралы ойлағанымызбен құнды», - дейді Бекнұр Кисиков.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Алматыда 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан 670 адам тұрады. Биыл оларға берілетін біржолғы төлем 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар
telegram