Алматылықтар Telegram арқылы қала жолдарын жөндеуге өтініш бере алады

Испания
Фото: Pyxabay.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыдағы жолдардың бойындағы ақауларды енді Almaty_Joly Telegram-арнасының чат-ботына хабарлауға болады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, мегаполис тұрғындары қала жолдарындағы шұңқырлар мен оларды жөндеу бойынша өтініш бере алады. Ол үшін жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram арнасының @AlmatyJolybot чат-ботына (https://t.me/AlmatyJolybot) мыналарды жіберу қажет:

* өтініш мәтіні,
* жол ақауының фото/видеосы,
* мекенжайы мен нақты координаттары,
* байланыс деректері.

"Келіп түскен өтініштер өңделген соң, жол бойындағы кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар, Almaty_Joly Telegram арнасында (https://t.me/AlmatyJoly) жол-жөндеу жұмыстары, қалалық көлік жұмысындағы өзгерістер туралы ақпарат жарияланатынын хабарлаймыз", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Алматы әкімдігі мегаполистегі жолдың жайына қатысты жаңа ақпараттық ресурсты ашқан болатын.

Соңғы жаңалықтар