Алматылықтар жарықсыз қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қосалқы стансадағы апат салдарынан Алматының Медеу және Бостандық аудандарының тұтынушылары жарықсыз қалды.

Жарық
Фото: Pixabay.com

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәлім еткендей,18 маусым күні сағат 18:49-да 160 А және 157 А қосалқы стансаларында Бостандық және Медеу аудандарындағы кейбір тұтынушылар жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта электр желісін қайта қосу үшін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Электр қуатының сөну себептері туралы ақпаратты жедел жеткізу үшін компания «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Байланыс орталығына 356-99-99 телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.

Сыртқы жарықтандыру желілерінде апат болғанда: 8771-718-24-39, 8771-718-24-56, 390-20-40, 390-20-60 қоңырау шалу қажет.

Диспетчерлік пунктер тәулік бойы жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар