Алматылықтар жыл соңына дейін метрода 5 теңгемен қатынай алады

метро
Фото: Алматы метрополитені

1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін Алматы метрополитені жолақыны ұялы телефон арқылы төлейтіндерден әдеттегі 100 теңгенің орнына 5 теңге алады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Алматы метрополитені баспасөз қызметінің мәліметінше, кез келген банктің Mastercard картасы байланыстырылған Google Play, Apple Pay немесе Samsung Pay қосымшалары арқылы метроға контактісіз ақы төлеуге болады.

метро
Фото: Алматы метрополитені

Жол ақысын төлеу үшін метроның кіреберісіндегі турникет тұғырында орналасқан брендті оқу құрылғысына белсендірілген қосымшасы бар ұялы телефонды қосу жеткілікті.

метро
Фото: Алматы метрополитені

«Жалпы, метрода жол ақысын бірнеше тәсілмен — қолма-қол ақшамен, картамен, метро және Оңай жол картасымен төлеуге болады. Демеушілердің бастамасымен жыл соңына дейін алматылықтар метроға бес теңге төлеп, діттеген жеріне жете алады. Төлем мобильді құрылғы арқылы іске асады. Басқа тәсілдермен төленген жол жүру құны өзгеріссіз қалады — 100 теңге», — деп атап өтті Алматы қаласы метрополитенінің кірістер жинау қызметінің басшысы Жазира Баймұхамедова.

Соңғы жаңалықтар