13:35, 26 Мамыр 2025 | GMT +5
Алматының Айтықов көшесінде біржақты қозғалыс енгізілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бүгіннен бастап Айтықов көшесінің көлік қозғалысы схемасына өзгеріс енгізілді.

Енді Баймағамбетов көшесінен бастап Даналық көшесіне дейінгі аралықта көліктер тек оңтүстік бағытта біржақты қозғалады.
— Бұл шешім Әкімшілік полиция басқармасымен келісім бойынша қабылданған және эксперименттік режимде жүзеге асырылады. Мақсат көше бойындағы көлік өткізу қабілетін арттыру және жолдағы қайшылықты нүктелерді жою, — деп хабарлады Қалалық мобильділік басқармасынан.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы көшелердің бірі жаз бойына жабылатынын жазғанбыз.