Алматының бас ботаникалық бағы бір күнге жабылды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда ботаникалық бақ бір күнге жабылды. Бұл туралы бақ баспасөз қызметі хабарлады.
«Құрметті Бас ботаникалық бақтың қонақтары. 29 мамырда судың жоспарлы тоқтатылуына байланысты ботаникалық бақ жабылатынын хабарлаймыз.
Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00–ден 21:00–ге дейін жұмыс істейді. Касса 20:00–ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00–15:30», — деп хабарлады ботаникалық бақтан.
Айта кетейік, бүгін сағат 08:00–ден 20:00–ге дейін Алматының Бостандық, Алмалы, Әуезов аудандарында су беру тоқтады.
Еске салайық, бұған дейін Алматының бас ботаникалық бағы құрылысы аяқталмаған жылыжайды қалпына келтіруге қатысты дабыл қағып, демеушілер іздеп жатқанын жазғанбыз.