Алматының ботаникалық бағы жазғы уақыт кестесіне ауысты

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Бұл туралы бақтың баспасөз қызметі хабарлады.

 Алматы Алматыдағы ботаникалық бақ
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ресми мәліметке сәйкес, алматылықтар Бас ботаникалық баққа күнделікті 09:00-ден 20:00-ге дейін бара алады.

- 1 сәуірден бастап Ботаникалық бақ жазғы кестесiне көшкенін хабарлаймыз. Енді біз күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін ашық боламыз. Касса жұмысындағы техникалық үзіліс: 15:00–15.30, - деп хабарлады бақтың баспасөз қызметінен.

Еске салайық, әр айдың бірінші дүйсенбісінде ботаникалық бақта санитарлық күн өтеді. Санитарлық күн техникалық себептер бойынша немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, кейінге қалдырылуы мүмкін.

Бұған дейін Алматының ботаникалық бағындағы сирек кездесетін өсімдіктер қыстан қалай шыққанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар