Алматының екі ауданында су беру тоқтатылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматының екі ауданында уақытша су өшіп қалды.

воды нет
Фото: pexels

Желі қолданушыларының айтуынша, Алматыда Абай даңғылынан оңтүстікке қарай Манас көшесіндегі су құбырында апаттық жөндеу жүргізіліп жатыр.

Бостандық ауданы: Абай даңғылы – Манас көшесі – Сәтбаев көшесі – Жароков көшесі;

Алмалы ауданы: Абай даңғылы – Манас көшесі – Жамбыл көшесі – Қожамқұлов көшесі.

Апатты жоюға «Алматы Су» мекемесінің екі бригадасы жұмылдырылды.

- Аталған жерде апаттық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сағат 13:15-те жөндеу аяқталып, қайтадан су берілді, - деп мәлімдеді «Алматы Су».

Еске салайық, алматылықтар су үшін 550 млн теңге қарыз екенін хабарладық.