Алматының екі ауданында суық су өшіріледі

ауыз су
Фото: Pexels

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 16 шілдені күні Медеу және Бостандық аудандарының кей аумақтарында суық су болмайды. «Алматы Су» баспасөз қызметі мегаполистің сумен жабдықтау желілерінде профилактикалық жұмыстар жоспарланғанын хабарлады.

Мекеме 16 шілде сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін қаланың кейбір ауданында суық сумен жабдықтау шектелетінін ескертеді.

Сумен жабдықтау шектелетін аумақтар:

- Медеу ауданы: Достық даңғылы - Қажы Мұқан көшесі – Назарбаев даңғылы – Сәтбаев көшесі, Самал шағын ауданы-1,2,3.

- Бостандық ауданы: Әл-Фараби даңғылы – Батыс Желтоқсан көшесі - Ганди көшесі – Назарбаев даңғылы.

- Жұмыстан кейін судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін. Су құбыры желілері толық шайылып кеткенге дейін кір жуғыш/ыдыс жуғыш машиналар мен өзге де құрылғыларды пайдаланбаған жөн, - деп хабарлайды «Алматы Су» МКК.

Еске салайық, Алматыдағы ботаникалық бақ 11 шілде бір күнге жабылады

Соңғы жаңалықтар