Алматының екі тұрғыны ірі мөлшерде электронды темекі сатқаны үшін жазаға тартылды

вейпы
Фото: Видеодан алынған кадр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының екі тұрғыны бірнеше ай бойы заңсыз кәсіпкерлік қызметті, яғни вейптерді көтерме сатуды заңсыз жүзеге асырған.

Бұған дейін Алматы қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 55 мыңнан астам электрондық темекі табылған және тәркіленген сауда және қойма үй-жайлары анықталған болатын.

«Сот үкімімен Алматы қаласының екі тұрғыны кінәлі деп танылды, олардың біреуіне 3 450 000 теңгеден астам айыппұл түріндегі жаза, ал екіншісіне 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбек түріндегі жаза тағайындалды», — деп жазды Қаржылық мониторинг агенттігінен.

Соңғы жаңалықтар
telegram