Алматы облысында өндірілетін басты өнім қандай

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы облысында 1,4 мыңнан астам кәсіпорын бар. Бұл туралы Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы хабарлады.

Производство сока Шырын өндірісі
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Мекеме мәліметіне сәйкес, Алматы облысында бүгінгі күні 1406 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 14-і ірі, 46-сы орта, қалғандары кіші кәсіпорындар.

Ал Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бақытұлының айтуынша, өңірдегі кәсіпорындар өндіретін басты өнім - сусындар.

- 2023 жылы ең көп өндірілген өнім - сусындар 424 млрд теңгеге ең көп болды. Биыл қаңтар-қыркүйек айларында 1000 жұмыс орнын құра отырып, 87,7 млрд теңге сомасына 30 өнеркәсіптік жоба іске қосылды, - деді Қуаныш Бақытұлы Kazinform тілшісіне берген жауабында.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласындағы басты өндіріс саласы - машина жасау екенін жазғанбыз. Жалпы Алматы қаласының индустриалды аймағында жұмыс істейтін кәсіпорындар 2023 жылы 801,3 млрд теңгенің өнімін өндірген. Оның ішінде былтыр 48 857 көлік құралы шығарылған.

Сондай-ақ елімізде 200 мыңға жуық техника өндірілсе де, Өнеркәсіп және құрылыс министрінің үйінде қазақстандық өнім жоқ екенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар