Елімізде 200 мыңға жуық техника өндірілсе де, министрдің үйінде қазақстандық өнім жоқ

  АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда шығарылатын тұрмыстық техниканың бір данасын ғана алып көргенін айтты.

Қанат Шарлапаев
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

«Менің үйімде осындай техника жоқ. Бірақ Dauscher өндірген техниканы оның ішінде қысқа толқынды пешті туған-туысымнан сыйлыққа алдым», - деді ведомство басшысы журналистің сұрағына берген жауабында.

Сондай-ақ, аталған техниканы нақты өзі емес, жұбайы сатып алғанын нақтылады.

«Техника өндіріліп жатыр. Өзіңіз білесіз, зауыттарға журналистер барды. Мысалы, Алматы тұрмыстық техника зауыты бар. Кәсіпорын өнімнің көлемін арттырып жатыр. 700 мыңға жуық техника келесі жылы өндіріледі. Министр ретінде менің жұмысым осындай кәсіпорынға мүмкіндік жасау. Содан кейін оны қалай сатады? Бұл зауыттағы маркетинг департаментінің жұмысы. Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 200 мыңға жуық техника өндірілген. Бұл бұрын соңды болмаған. Сіз оны қай жерден сатып аласыз, оны өзіңіз білесіз», - деді Қанат Шарлапаев.

Соңғы жаңалықтар