Алматының кейбір көшелері қазан айының басына дейін жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматының бірқатар көшелеріндегі қозғалыс қазан айына дейін шектеледі. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі және «Алматы жылу желілері» ЖШС-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Су құбыры
Фото: Kazinform

14 қыркүйек сағат 23.00-ден 16 қыркүйек сағат 11.00-ге дейін Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады. Бұл жерді Жұмабаев және Төле би көшелерімен айналып өтуге болады.

Сондай-ақ биыл жылыту маусымы аралығында «АлТС» ЖШС жалпы ұзындығы шамамен 20 шақырым болатын жылу желілерін қайта құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құбырларды ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген кезде қайта құру аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автокөлік қозғалысы шектелді.

Алматы карта
Фото: Алматы әкімдігі

Қыркүйек айының соңына дейін ауа райы жағдайын ескере отырып, мына учаскелерде жұмыстарды аяқтау жоспарланған:

- 15 қыркүйекке дейін Ескараев көшесінде Розыбакиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін, сондай-ақ Сүйінбай даңғылында Гаршин көшесінен Бекмаханов көшесіне дейін;
- 17 қыркүйекке дейін Құрманғазы көшесінде Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейін;
- 20 қыркүйекке дейін Қожанов көшесінде Радостовец көшесінен Гагарин даңғылына дейін, сондай-ақ Дунаевский көшесінде Жароков көшесінен шығыс бағытта;
- 30 қыркүйекке дейін Жүргенов көшесінде Баишев көшесінен Тянь-Шаньская көшесіне дейін, сондай-ақ Қожанов көшесінде ЦТРП-дан Жароков көшесіне дейін.

30 қыркүйекке дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын ескере отырып, жұмыстарды аяқтау жоспарланған:

- Бродский көшесінде Казаков көшесінен автобус паркіне дейін;
- Шопен көшесінде Байкадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейін;
- Макатаев көшесінде Жұмабаев көшесінен Павлодарская көшесіне дейін;
- Дунаевский көшесінен «Алмагүл-Южный» сорғы станциясына дейінгі бұрылыста.

6 қазанға дейін мына көшелерде жұмыстар аяқталады:

- Тургенев көшесінде Черепанов көшесінен Тоқтабаев көшесіне дейін;
- Байқадамов көшесінде Розыбакиев көшесінен Гагарин даңғылына дейін;
- Радостовец көшесінде Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейін.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда көліктен шығатын газдың сапасын талдайтын спектрометрлер орнатылғанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар