Алматының көлік инфрақұрылымы: қалада екі BRT желісінің құрылысы жүріп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Алматыда көлік инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматының көлік инфрақұрылымы: қалада екі BRT желісінің құрылысы жүріп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінен атап өткендей, бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығындағы Президентке берген есебінде айтылған.

2025 жылы 23 сәуірде Райымбек даңғылы бойымен ұзындығы 17 км болатын BRT желісінің құрылысы басталды. Ал 2025 жылы 26 сәуірде Желтоқсан көшесі арқылы Райымбек даңғылына дейін ұзындығы 4,6 км болатын қосымша желінің құрылысы қолға алынды. Бұл ретте «қасбеттен қасбетке дейін» принципі бойынша көше толық көркейтілді. 

— Қазір инженерлік желілерді қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жол қозғалысын уақытша қайта ұйымдастыру сызбасы дайындалып, әлеуметтік желілер мен «Almaty Joly» телеграм арнасы арқылы хабарланып отыр, — делінген хабарламада.

Осыған дейін BRT құрылысы кезінде қайта пайдалануға болмайтын бүлінген жиектер ғана ауыстырылатыны туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар