Алматының орталығында жаңа сквер пайда болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда тұрғындардың өтініші бойынша жаңа сквер пайда болады.
Қала басшысы Ерболат Досаев жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша Райымбек – Сейфуллин - Төреқұлов – Мұратбаев көшелерінің маңындағы қираған нысандардың орнына жаңа қоғамдық кеңістік құруды тапсырды.
«Алтын Сапа ALM» ЖШС инвесторы Сейфуллин даңғылы бойындағы екі ескі тұрғын үйді және бұрынғы тергеу изоляторы ғимаратын бұзған. Әлеуметтік жауапкершілік аясында инвестор өз есебінен Сейфуллин даңғылы мен Мәметова көшесінің қиылысында ауданы 0,30 га жаңа скверді абаттандырады.

Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин қазіргі уақытта сквер пайда болатын учаскеде қаланың жер қатынастары басқармасы 35 меншік иесінің 16 - нан жылжымайтын мүлік сатып алғанын атап өтті.
Құрылыс жұмыстары жылжымайтын мүлік барлық меншік иелерінен сатып алынғаннан кейін осы жылдың қазан айына жоспарланған.
Шаһар басшысы белгіленген жоспарға сәйкес жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Айта кетейік, Алматыда Есентай, Үлкен Алматы өзендерінің бойындағы жағалауларға реконструкция жүргізіледі.
Пушкин көшесі бойымен Гоголь көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі ұзындығы 1,1 км жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жоспарда.