Алматының орталығында жарық сөніп қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Алмалы ауданында бірнеше үй мен ғимарат жарықсыз қалды.

свет жоқ
Фото: Kazinform

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, 9 ақпан күні сағат 12:20-да Алмалы ауданында орналасқан Гоголь - Амангелді - Абай - Байтұрсынов көшелерінде жарық сөніп қалды.

«Апаттың себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында арнайы бригада жұмыс істеуде. Жарықты 2 сағат ішінде қалпына келтіру көзделіп отыр», - деп хабарлады компаниядан.

Соңғы жаңалықтар