Алматының ортасында пәтер отқа оранды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда отқа оранған пәтердің видеосы желіге шықты. 

пәтер өрті
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 14 наурыз күні сағат 20:24-те өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Бостандық ауданы, Байтұрсынов көшесі, 98 мекенжайына жіберілді.

«№ 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері сағат 20:32-де жеткен сәтте екі қабатты ғимараттың 2-ші қабаттағы пәтердің өртенгені анықталды. Өрттің жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары адамдардың болуына барлау жүргізіп, өртті сөндіруге және жапсарлас бөлмелерді қорғау үшін өрт оқпандарын дереу енгізіліп, өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», - деп хабарлады ТЖД-да.

Өрт сағат 21:43-те оқшауланып, сағат 22:21-де толық сөндірілді.

пәтер өрті
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Өрттің екінші қабатта орналасқан көрші пәтерлер мен кеңсе үй-жайларына таралуына жол берілген жоқ.

Соңғы жаңалықтар