Алматының ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт болды

АСТАНА. KAZINFORM — Алматының Әуезов ауданындағы «Москва» ойын-сауық орталығы өртенді, деп хабарлайды ТЖМ.

Пожар произошел в ТРЦ Алматы
Фото: Видеодан скриншот

Ведомствоның мәліметінше, Әуезов ауданында орналасқан ойын-сауық орталығының шатырында ауа тартқыш құбырында май қалдықтары жанып кейіннен от шатырдың қаптамасына тараған. Оқиға орнына дер кезінде келген Алматының өрт сөндірушілері қызыл жалынды оқшаулады. 

— 10 ш. м. алаңды шарпыған өрт сөндірілді. Ауа тартқыш құбырында май қалдықтары жанып кейіннен от шатырдың қаптамасына тараған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 75 адам және 24 бірлік техника жұмылдырылды, — делінген министрлік хабарламасында. 

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде өртенген трансформатор ішінен адам денесі табылғанын жаздық.