Алматының тағы бір көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Қожабеков көшесі бір айға жабылады.

Ремонт дорог дорожные знаки жол жөндеу жол белгілері
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Алатау ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік тарату желілерін салу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты Қожабеков көшесі бойымен қала шекарасынан Ф. Оңғарсынова көшесіне дейінгі 900 метр қашықтықтағы жол учаскесі 17 шілдеден 17 тамызға дейін жабылады.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

«Жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолын алдын ала ойластыруды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Осыған дейін Алматыда жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты Манас көшесіндегі учаскелердің бірінде көлік қозғалысы екі тәулікке шектелетіні туралы жазған. 

Соңғы жаңалықтар