Алматының тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: Kazinform

Алматы облысы ТЖД-ның мәліметінше, Алматы облысының тауларында 26 – 29 ақпан арасында қар көшкіні жүру қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Айта кетейік, Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Соңғы жаңалықтар