Алматының үш ауданында суық су болмайды

су құбыры
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласының Бостандық, Алмалы, Әуезов ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.

«Алматы Су» хабарлағандай, 29 мамыр сағат 08:00–ден 20:00–ге дейін қалада технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. 

Осыған байланысты мына мекенжайда суық су беру уақытша шектеледі: 

Бостандық ауданы — Абай даңғылы-Манас-Тимирязев-Жандосов-Үлкен Алматы өзені- Тимирязев-Жароков-Өтепов-Гагарин даңғылы, «Атакент» көрме кешенінің аумағы;

Алмалы ауданы — Абай даңғылы-Әуезов-Жамбыл-Манас көшелеріндегі алаңдарда; Абай-Әуезов-Төле би-Розыбакиев; Абай-Розыбакиев-Құлымбетов-Тұрғыт Озал шаршы көшелерінде; 

Әуезов ауданы — Абай даңғылы-Щепетков-Үлкен Алматы өзені-Сәтбаев-Өтеген батыр 112а, 114 тұрғын үйлер. 

«Бекіткіш арматураны және өзге де технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы әрі тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ профилактикалық жұмыстар кезінде су әлеуметтік нысандарға автоцистерналармен жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар