Алматының үш шағынауданында газ қысымы төмендеді

Алматыда газ қысымы төмендеді
Фото: Виктор Федюнин

Алматының үш шағынауданында орналасқан мейрамхана, монша мен клубтар газдан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды Kazinform.

— Қарғалы, Қарағайлы және Райымбек шағынаудандарын газбен қамтуға қатысты қызмет көрсететін «Тәуекел-Т» ЖШС ауа райының күрт суытуы мен абоненттердің газды көп алуы себебінен соңғы нүктелердегі газ құбырлары желілерінде газ қысымының төмендегенін хабарлайды. Қазіргі уақытта газ тарату пункттері арқылы газбен қамту жүйесін қалпына келтіру бойынша қажетті кешенді іс-шаралар жасалып жатыр», - делінеді «Тәуекел – Т» ЖШС хабарламасында.

Компанияда сондай-ақ тұрғындарға газды үздіксіз және апатсыз жеткізу, атап айтқанда, бітелу орындары бар газ құбырларының қуысын тазарту, сондай-ақ ШГТП-ның қосымша пункттерін орнату шаралары қабылданғанын хабарлады.

Газ шаруашылығының апаттық-диспетчерлік қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

— Қазіргі уақытта уақытша іс-шара ретінде кәсіпкерлік нысандарын (монша кешендері, мейрамханалар, бильярд клубтары және т.б.) қысқа мерзімді сөндіру және әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй-жайларды газбен қамтамасыз етуді басымдықпен жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр, - деп толықтырды компанияда.

«Тәуекел-Т» ЖШС-ның анықтама мен апаттық өтінімдеріне арналған телефон нөмірлері: 308 11 04 (Кемертоған), 304-73-23 (Бұлақты), 297 07 47 (Таусамалы).

Соңғы жаңалықтар
telegram