Алматының Жетісу ауданы әкімінің орынбасары 14 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

пара алу
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Kazinform Антикорға сілтеме жасап. 

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. 

Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Сома мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға, орындалған жұмыс актілеріне қол қоюға және жалпы қамқорлыққа алуға жәрдемдесуге арналған.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. 

Соңғы жаңалықтар