Алматы-1 теміржол вокзалы ғимаратындағы өртте 200 адам көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы-1 теміржол вокзалының қосалқы бөлмесінде өрт шықты.

Алматы-1 теміржол вокзалы ғимаратындағы өртте 200 адам көшірілді

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

200 адам көшірілді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 49 адамнан тұратын жеке құрамы мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.