Алматы-2 стансасында екі пойыз соқтығысып, 4 адам жапа шекті

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Алматы-2 стансасында 28 шілде күні кешкі сағат 17.15-те «Алматы - Новосібір» және «Алматы - Петропавл» бағыттарындағы жолаушылар пойыздарының құрамдарын шығару үшін маневрлік жұмыстар кезінде вагондар арасында қатты тіркелу орын алған.

Алматы-2 стансасында екі пойыз соқтығысып, 4 адам жапа шекті

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Салдарынан әйел жолаушылардың бірі жеңіл жарақаттанды. Оған медициналық көмек көрсетілді, ол ауруханаға жатудан бас тартты. ҚТЖ-дің үш нәзік жанды қызметкері де жапа шегіп, оларға медициналық көмек көрсетілді.

№301 «Алматы - Новосібір» 3 сағат 16 минутқа, №15 «Алматы - Петропавл» бағытындағы жолаушылар пойызы 3 сағат 19 минутқа белгіленген уақытынан кешеуілдетіп жолға шықты.

Жолаушыларды тасымалдаушы компания тарапынан аталмыш пойыздардың кідірген уақытын азайтып, бекітілген кестеге сай қозғалуы үшін барлық жағдай жасалуда.