«Алматы-2-Защита» пойызы күн сайын қатынайтын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаз маусымында «Алматы-2-Защита» бағыты бойынша жүретін «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы күн сайын қатынайтын болды.
None
None

«Көпшіліктің сұранысын ескере отырып, 2015 жылдың 29 маусымынан бастап «Алматы-2-Защита» бағыты бойынша жаңа «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы жаз маусымында күн сайын қатынайтын болды. Бұл пойыз бұрын күнара жүретін», деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар 2015 жылдың 4 шілдесінен бастап жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін жаз маусымында «Астана-Қостанай» бағыты бойынша күнара қатынайтын жаңа «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы жолға шығады. Қосымша ақпаратты теміржол вокзалдарының анықтамалықтарынан немесе 105 анықтама қызметінен алуға болады.

Соңғы жаңалықтар