«Алматы-2-Защита» пойызының жаңа құрамы сапарға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ бүгін, 30 маусымда «Тұлпар-Тальго» жаңа вагондарынан құрастырылған «Алматы-2-Защита» пойызының екінші құрамы жөнелтілгендігін хабарлады.
Яғни жыл сайын жолаушылар паркінің жаңартылуы арқасында бүгінгі күнге дейін 386 «Тұлпар-Тальго» вагоны сатып алынды, ал жыл соңына дейін қосымша 107 вагоны алынбақ. Сонымен қатар 2016-2020 жылдар аралығында тағы 603 кең шанақты жаңа вагон сатып алу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ сұранысқа байланысты «Алматы-2-Защита» пойызы күн сайын қатынайтын болады.