Алматы адам өлімі тіркелген жол апаты көбейген
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда адам өлімі тіркелген жол апаты көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.
«Бізде жол апатынан зардап шегушілер азайды, есесіне өліммен аяқталатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Биыл 7 айдың ішінде жол апатынан 73 адам қаза болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 адамға артық . Былтыр осындай уақыт аралығында 56 адам көз жұмған. Бұған ереже сақтамайтын жүргізушілердің жылдамдықты шектен асырып жіберуі басты себеп болып отыр», - деді Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығы Жандос Мұраталиев брифингте.
Сондай-ақ ол жыл басынан бері 534 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі тіркелгеннін мәлімдеді. Олардың ішінде 288 мыңы бейнебақылау камералары арқылы анықталған.