Алматы әкімдігі барахолка жабылады деген ақпаратты жоққа шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі барахолка жабылады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз оны растамаймыз», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Алайда, ол санитарлық талаптарды сақтамай, өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда үлкен, орта және шағын бизнес нысандарының жабылуы мүмкін екенін тілге тиек етті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы азық-түлік емес базарлар 1 маусымда жұмысын қайта бастады.



Соңғы жаңалықтар