Алматы әкімдігі дәріханалардағы бағаның тұрақсыздығына қатысты пікір білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Уәлихан Ахметов қаладығы дәріханаларда бір дәрінің бағасы әртүрлі бағамен сатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бұл қала тұрғындарын мазалап отырған сұрақ. Қала дәріханаларында дәрілер кепілденген көлемде беріледі, яғни, кейбір адамдар тегін, жеңілдік бойынша, кейбірі өз ақшасына сатып алады. Қала тұрғындарын негізсіз қымбатшылықтан сақтау үшін жыл басында қала әкімдігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті және өндіруші,  тасымалдаушы компаниялармен арада меморандум жасалады. Мұндай меморандум жыл сайын жасалып, комитет бағаны өз бақылауына алады. Бұл ретте біз отандық өндірушілердің дәрілерінің қымбаттамауына мән бердік», - деді Уәлихан Ахметов.

Сонымен қатар, ол осы мақсатта әр дәріханада отандық өндіруші коммерциялық ұйымдармен бағаны көтермеу туралы келісімшарт бар екенін жеткізді. 

«Өкініштісі, біз шет елден келетін дәрілердің бағасын жиі бақылай алмаймыз. Өздеріңіз білетіндей, бұған инфляция, девальвацияның әсері бар. Бірақ, біз кепілденген тегін медициналық көмектің толығымен жеткілікті болуын қамтамасыз етеміз», - деді басқарма басшысы. 

Соңғы жаңалықтар