Алматы әкімдігі: Интернетпен проблемалар шешіліп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ата-аналардың өтініші бойынша, Алматыда 102 мектепте 250 кезекші сынып ашылды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету қалалық департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігі: Интернетпен проблемалар шешіліп жатыр

«Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің рұқсатымен ата-аналардың өтініші бойынша 1-інші және 2-сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылды, әр сыныпта 15 оқушыдан аспайды. Алматы қалалық білім басқармасының мәліметінше, бүгінде 102 мектепте 250 кезекші сынып ашылды», - деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, онлайн оқуда әлі де проблемалар бар.

«Қазір интернетпен проблемалар шешіліп жатыр. Сондай-ақ, ата-аналар онлайн режимінде оқытуды ұйымдастыру және оқуға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мәселесі бойынша қалалық Білім беру басқармасы мен Білім сапасы департаментімен байланыса алатындығын атап өткім келеді», - деп түсіндірді Гүлнәр Ермекбаева.