Алматы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Алматының одан әрі дамуы туралы хаттамаға қол қойды

Хаттама бойынша Алматыдағы үлескерлер мәселесін шешу бойынша қордың атқарушы директоры-басқарма мүшесі Қайрат Айтекенов пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Виктор Долженковқа Алматыдағы тұрғын үйлердің құрылысы туралы статистикалық-сараптамалық есеп пен мәліметтер бойынша ақпарат алмасып отыру жүктелді. Бұның негізінде тараптар мәселелерді шешіп отырады. Сонымен қатар екі тарап үлескерлік құрылыс мәселесін шешу бойынша техникалық-ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге келісті. Оған сәйкес «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ үлескерлік құрылыс нысандарын толық аяқтау үшін кемінде 21,735 миллиард теңге қаржы бөледі. Оның ішінде «Сайран» шағын ауданындағы құрылыс нысандарын аяқтау үшін үшінші траншпен бөлінетін 19,3 миллиард теңге, «Оскар» кешенін салып бітіруге 2,435 миллиард теңге қарастырылған.
«Биылғы жылы Алматы қаласында қалған үлескерлер мәселесін толық шешуге негіз бар», - деді қала әкімі. Сондай-ақ екі тарап энергетика мен қаланы газдандыру саласында бірқатар жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.