Алматы әкімдігі мұқтаж отбасынан шыққан 19 мың оқушыға мектеп формасын әпереді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматы қаласының мұқтаж отбасыларынан шыққан 19 мың оқушыға көмек көрсету үшін әкімдік мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға көмек көрсетеді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 800 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасып, «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіледі.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне немесе тікелей білім мекемесіне хабарласа алады.
Жедел желі байланыстары:
- Алатау ауданы бойынша: 87006131198
- Алмалы ауданы бойынша: 87470448553
- Әуезов ауданы бойынша: 87025395397
- Бостандық ауданы бойынша: 87772806650
- Жетісу ауданы бойынша: 87472940554
- Медеу ауданы бойынша: 87759194000
- Наурызбай ауданы бойынша: 87089359498
- Түрксіб ауданы бойынша: 87479013814
1 қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларының барлығын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша дайындық жүргізіліп жатыр.
Мемлекеттік мектептердің оқушылары қайтарымды негізде 100% тегін оқулықпен қамтамасыз етіледі.