Алматы әкімдігі нан мен бірінші сортты ұнның бағасын тұрақтандыру жөніндегі меморандумның орындалуын бақылайтын болады

2012 жылдың 26 шілдесінде қалыпты нан мен бірінші сортты ұнның бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы меморандумға Алматы қаласының әкімдігі, Ауыл шаруашылық министрлігі, «КазАгро» холдингі мен Қазақстанның астық өңдеушілер Одағы қол қойған болатын.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Альфия Балова брифингте айтқандай, «Холдинг «КазАгро» АҚ-ның үзеңгілес компаниясы болып табылатын «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ынан Алматы қаласына әр тоннасының бағасы 28 мың теңге болатын 113 100 тонна астық жіберіледі. Астық 1-сортты ұн шығару үшін қаланың ірі астық өңдеуші кәсіпорындарына бөлінетін болады. Наубайханалар бұл ұннан әлеуметтік нандарды шығарады.
Наубайханалар қалыпты (әлеуметтік) нандардың бір бөлкесіне 56 теңге болатын көтерме баға қоятын болады, ал бір бөлке нанның салмағы - 650 грамм. Бөлшек саудада мұндай нанның бағасы 60 теңгеден артпауы тиіс. Бірінші сортты ұнның 1 келісінің бағасы - 61 тенге.
Осы шараларды жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 3 тамызында Алматы қаласы әкімдігі, астық өңдеп, нан шығаратын кәсіпорындар мен сауда орындары арасында тиісті меморандум жасалды.