18:59, 26 Тамыз 2020 | GMT +5
Алматы әкімдігі жанармай бекеті маңындағы автобус кептелісін түсіндірді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі жанармай бекеттері маңындағы автобустар кептелісіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде жанар-жағармай құю стансасы маңында пайда болған қоғамдық көлік кептелісінің суреттері жарияланды. Осыған байланысты қалалық әкімдік түсінік берді.
«Гете көшесіндегі жанармай бекеті жоғары қысымды газ құбырын жоспарлы техникалық тексеру үшін 30 тамызға дейін жабылды. Осыған байланысты қалған жанармай құю стансаларында ұзын-сонар кезек пайда болды. Келесі аптадан бастап жанар-жағармай бекеті шаттық режимде жұмыс істейді», - деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасы.