Алматы әкімдігі жауын суына толған арықтарды тазалауды бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі су басқан көшелерді тазалай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазіргі таңда коммуналды қызмет өкілдері  Алатау ауданындағы Шоссейная көшесінде, Әуезов ауданындағы Төле би көшесіндегі «Car City» сауда үйінің маңайы, Бостандық ауданындағы Розыбакиев - Тимирязев көшелерінің қиылысы,  Абай мен Масанчи, Сейфуллин көшелерінің қиылыстары, Жетісу ауданындағы Райымбек пен Бөкейханов, Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы жолдар, Медеу ауданындағы Есенберлин-Орманов-Водная-Бөгенбай батыр көшесіндегі Жарбұлақ өзенінің бойы, Наурызбай ауданындағы Мұстафин, Әшімов, Құлыбеков көшелерінің бойындағы суды сорғыта бастады», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Алматыда толассыз жауған жауыннан арықтар суға толып, бірнеше көшені су басқан болатын .

Тұрғындар әлеуметтік желіде бассейнге айналған көшелердің суреттерін жариялай бастады.

Бірнеше көлік жол шетіндегі арықтарға, шұңқырларға түсіп кеткен. Атап айтқанда Төле би-Момышұлы көшелерінің қиылысында Газель жүк көлігі арыққа бір дөңгелегімен түсіп кеткен еді.

Қаланың кейбір көшелерінде жауыннан үлкен кептелістер пайда болды. 

Соңғы жаңалықтар