Алматы әкімдігі жол айырықтарын аяқтауға Үкіметтен қосымша қаржы сұрамақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол айырықтарының құрылысын аяқтау үшін қосымша 5 млрд теңге қажет. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мәлім етті.

Алматы әкімдігі жол айырықтарын аяқтауға Үкіметтен қосымша қаржы сұрамақ

Оның айтуынша, бұрынғы бюджеттік бағдарлау ойынша Рысқұлов-Емцов, Сейфуллин-Жансүгіров, Рысқұлов-Құлжа тасжолы жолайырықтары құрылысын аяқтауға 7 млрд теңге қарастырылған.

«Биыл республикалық бюджетке қосымша тағы 5 млрд теңге бөлу туралы өтінім жеткіземіз. Республикалық бюджет наурызда қарастырылады. Қаржы дер кезінде бөлінсе, Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесімен қосатын боламыз», - деді Мақсұт Исахов.

Айта кету керек, мұның алдында Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев  халықпен кездесуінде Жансүгіров-Сейфуллин жол айырығы 2019 жылы пайдалануға берілетінін айтқан болатын.

Аталған жобаның құрылысы 2015 жылы басталуы тиіс еді. Алайда қала билігі қаржының жетіспеушілігі себебінен бұл жобаны 2 жылға кейін шегеріп қойды.