Алматы әкімдігі жолдың ортасында пайда болған шұңқырға қатысты түсінік берді

None
Фото: instagram.com/kris__p__almaty
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімдігі жол төсемінің істен шығуына байланысты мердігер ұйымның үстінен шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігі мәлім еткендей, бүгін Түрксіб ауданындағы Толмачев көшесінде асфальт ойылып түсті. Мамандар апат болған жерге барып, арнайы тексерген кезде оқиғаның жауын -шашынның салдарынан жиналған судың топырақты шайып кетуінен болғандығын анықтады. Құбыр істен шыққан жоқ. Сондықтан су беру штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.

«Жол төсемінің істен шығуына байланысты әкімдік мердігер ұйымның үстінен шағым түсірді. Аталған учаскеде 2021 жылы «Алвис» ЖШС компаниясы су құбыры және кәріз желілерін салу жұмыстарын аяқтаған болатын. Кепілдік міндеттемелері аясында компания ақауларды, жоюға тиіс»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Бүгін компания орын алған олқылықтарды жойды. Жолды қалпына келтірді. Биыл сәуір айында ауа райы қолайлы болған кезде асфальтты төсемді толық жөндеу жоспарда.

Бұған дейін Түрксіб ауданында асфальт опырылып, Камаз шұңқырға түсіп кеткені туралы жазған едік.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.


Соңғы жаңалықтар
telegram