Алматы әкімі арбамен жүретін мүгедегі бар 20 отбасыға пәтерлерді жалдау шарттарын тапсырды

АЛМАТЫ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов арбамен жүретін мүгедектері бар отбасылар үшін салынған тұрғын үйден қаладағы 20 отбасыға пәтерлерді жалдау шартын тапсырды.
None
None

Қала әкімі жұртшылықты бүгінгі қуанышты күндерімен құттықтай келе бұл арнайы жоба бойынша салынған қаламыздағы бірінші үй екендігін жеткізді. «Былтыр мамыр айында құрылысы басталған нысан бүгін аяқталып, кезекте тұрған мүгедегі бар отбасыларға жалға беріліп отыр. Оған қала бюджетінен 227 миллион АҚШ доллары бөлінді. Бұл үйдің пантусынан бастап, лифтісі, бөлмелер ішінің барлығы мүгедек жандарға қолайлы етіп жасалған. Осындай әлеуметтік мәселелерге Елбасының тапсырмасы бойынша көп мән беріп келеміз және келешекте де осындай үйлерді салуды жоспарлап отырмыз», деп атап өтті өз сөзінде А.Есімов.

Пәтерлер аудан әкімдіктерінде 1988 жылдан бері кезекте тұрған, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын жандарға берілді. Қала бойынша мұндай топтарға жататындардың саны 7 мыңнан асады екен.

Кезекте 15 жыл тұрып, бүгін 1 бөлмелі пәтерге қол жеткізген Қарлығаш Маймақова өз қуанышын жасырмады. «Бұл пәтер біз үшін үлкен сыйлық болып отыр. Өйткені мұнда мүгедек жандар үшін барлық жағдай жасалған. Пәтерлердің есіктері кең, арбамен жүретін баламды далаға шығарып тұруға өте қолайлы» дейді Қ.Маймақова.

Соңғы жаңалықтар