Алматы әкімі «Айналмалы дөңгелек» әткеншегіне мінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда HappyEye "Айналмалы дөңгелек" әткеншегінің ресми ашылуы өтті.

Алматы әкімі «Айналмалы дөңгелек» әткеншегіне мінді

null
null
null
HappyEye - Орталық Азиядағы ең үлкен "Айналмалы дөңгелек" әткеншегі. Нысан MEGA Alma-Ata ОСО аумағында орналасқан.

Жаңа дөңгелектің биіктігі 60 метрге дейін жетеді. Жабық түрдегі 40 кабинада 208 орын бар.


null  
null

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға салынған инвестиция көлемі 1,5 млрд. теңге. Алдын ала болжам бойынша, 4-5 жылда жоба өз құнын ақтап шығады.

null

Жаңбырлы ауа райына қарамастан, ашылу шарасына кішкентай балалар келді, аниматорлар олардың көңілін көтерді. Ашылудан кейін әрбір бала ата-анасымен бірге қаланы шолып шықты. Веложарыс ашылуынан келген Алматы әкімі Бауыржан Байбек олармен бірге қыдырды.

null

Үлкендерге арналған билет құны 1200 теңге, ал 5-12 жас аралығындағы балаларға - 800 теңге. 5 жасқа дейінгі балалар тегін міне алады. Кабинаның айналу уақыты - 16 минут.
null
null