Алматы әкімі белгілі ақын Фариза Оңғарсынованы мерейтойымен құттықтады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін Алматының әкімі Ахметжан Есімов белгілі ақын Фариза Оңғарсыновамен кездесті және оны 70 жылдығымен құттықтады,

Алматы әкімі белгілі ақын Фариза Оңғарсынованы мерейтойымен құттықтады

деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

А.Есімов мерейтой иесінің еліміз мәдениеті мен әдебиетін дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Қала басшысы Ф.Оңғарсыноваға ұзақ ғұмыр және жаңа шығармашылық табыстар тіледі. Ақынның Астанаға көшкенге дейін ұзақ жылдар бойы Алматыда тұрғаны белгілі.

Фариза Оңғарсынова - халық жазушысы, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері және белгілі қоғам қайраткері. Көптеген өлеңдердің, очерктердің, әңгімелердің және хикаяттардың авторы.